Айкерім Қайратқызы
1995 жылы Алматыда дүниеге келген.
2017 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «Музыкалық театр артисті» мамандығы бойынша оқып бітірді.
2019 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
Г.Томский «Аттила мен Аэций» (реж. А.Кәкішева) – Гонория ханшайым,
Т.Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә.Рахимов) – Шүйкетай,
Л.Толстой «Анна Каренина» (реж. Е.Обаев) – Уәкілдің әйелі

Кинодағы рөлдері:
«Рауза», «Келінжан-2» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда рөлдер сомдады.