Ақберген Қайрошұлы Жұмабаев
1992 жылы Ақмола облысы, Еңбекшілер ауданы, Кеңашы ауылында дүниеге келген.
2010-2014 жж. Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің Театр, кино және ТВ кафедрасының «Драма театр және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдады.
2014 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:

Д.Исабеков «Жүз жылдық махаббат» («Мағжан», реж. А.Кәкішева)– Кәжен,
И.А.Вовнянко «Қаза мен жаза» (реж. А.Әшімов, С.Асқаров)– Артист,
А.Володин «Қоштасқым келмейді» (реж.А.Маемиров)– Судья,
І.Есенберлин «Алмас қылыш»(реж.А.Кәкішева)– Орақ,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е.Обаев)– Ермек,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А.Кәкішева)– Жайық (Ақеділдің ағасы),
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж.Е.Нұрсұлтан) – Қаршыға,
Шахимарден «Томирис» (реж. Т. әл-Тарази) – Балқаш,
И.Сапарбай «Қыз мұңы» (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай) – Жарқын,
Ғ.Есім «Таңсұлу» (реж. А.Кәкішева) – Жойқын,
Г. Томский «Аттила мен Аэций» (реж. А. Кәкішева) – Аттила, т.б.