Аян Өмірәліұлы Өтепберген
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты (2012), Қазақстан «Серпер» Жастар одағы сыйлығының лауреаты (2013), «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2019), «Өнер барысы - 2019» II орын иегері.
1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2008-2011жж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы жанындағы колледжге «Музыкалық драма және кино актері» мамандығы бойынша оқуға түсіп,бітірді.
2011-2015 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының Театр өнері факультетінде білім алды.
2016жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М.Әуезов «Абай» (реж. Е.Обаев) – Айдар,
М.Омарова «Ақтастағы Ахико» (реж. А.Маемиров)– Ахиконың әкесі,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е.Обаев) – Ермек,
А.Володин «Қоштасқым келмейді» (реж. А.Маемиров) – Митя Лавров,
М.Әуезов «Қобыланды» (реж. Н.Жақыпбай) – Шуақ, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Жаужүрек мың бала» (2011), «Олимп шыңы» (2012), «Рэкитер-2» (2015), «Қазақ елі» (2016), «Тайталас», «Қазақ хандағы. Алтын тақ», «Томирис», «Захар Беркут», «Зеркала», «Дала қырандары», «Алтын адам» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.