Баян Алысқызы Қажынәбиева
Қазақстан Республикасының Жастар одағы сыйлығының иегері (2005)
1978 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Н.К.Крупская совхозында дүниеге келген.
1993жылы Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжін бітірді.
1994-2000жж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының театр өнері факультетін, 2012жылы магистратурасын бітірді.
2000жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М.Әуезов «Қарагөз» (реж. Б. Атабаев) – Қарагөз,
И. Сапарбай «Абай – Тоғжан» (реж. Н. Тутов) – Тоғжан,
С.Торайғыров «Қамар сұлу» (реж. Ә.Рахимов) – Қамар сұлу,
С.Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр»(реж. Ә.Рахимов)– Жұлдыз,
С.Балғабаев «Сағыныш пен Елес» (реж. Ә.Рахимов) – Арайлым,
М.Әуезов «Абай» (реж. Е.Обаев) – Мағыш,
М.Мақатаев «Қош, махаббат!» (реж. Б.Атабаев) – Бану,
Ә.Тарази «Ақын…Періште…Махаббат…» (реж. Ә.Рахимов) – Періште
Д.Исабеков «Әпке» (реж. Б.Омаров) – Гауһар,
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (реж. Қ.Сүгірбеков) – Таңсық,
Т.Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Е.Обаев) – Айжан,
Қ.Ысқақ, Шахимарден «Қазақтар» (реж. Т.әл-Тарази) – Гүлбахор,
М.Әуезов «Абай» (реж. Е.Обаев) – Ажар,
М.Әуезов «Еңлік–Кебек» (реж. Х.Әмір-Темір) – Еңлік,
С.Асылбекұлы «Империядағы» кеш» (реж. А.Кәкішева) – Гүлден,
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж.Е.Нұрсұлтан) – Жеңге,
Н.Гоголь «Пара»(реж. Е.Обаев)– Марья Антоновна,
Г.Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р.Андриасян) – Инкен,
М. Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы» (реж. О.Кенебаев) – Оксана,
Е.Уахитов «Құдалар» (реж. Ә.Рахимов) – Ділназ,
Н.Хикмет «Фархад – Шырын» (реж. А.Әшімов) – Шырын,
М.Байджиев «Қылмыс» (реж. О.Сәрсенбек) – Мәриям,
А.Чехов «Апалы-сіңлілі үшеу» (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева) – Ольга, т.б.

Кинодағы рөлдері:«Оралман», «Қыз жолы» және т.б. фильмдерде рөлдер сомдады.