Берік Бөшенұлы Айтжанов
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016), «Құлагер» Ұлттық кино сыйлығының иегері (2009).
Қызылорда облысында 1979 жылы дүниеге келген.
2000-2004 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетінің «Музыкалық драма театры артисі» мамандығын тәмамдады.
2004 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
У.Шекспир «Гамлет»(реж. Ю.И.Ханинга-Бекназар) – Лаэрт,
М.Әуезов «Қарагөз»(реж. Б.Атабаев) – Сырым,
Т.Ахметжан «Сұлу мен суретші»(реж. Н.Жақыпбай)– Суретші,
И.Сапарбай «Сыған серенада» (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай) – Абзал,
Д.Исабеков «Жаужүрек» (реж. Е.Обаев) – Балуан Шолақ,
М.Әуезов «Абай» (реж. Е.Обаев) – Әбіш,
Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?»(реж. О.Кенебаев)– Абай,
С.Балғабаев «Сағыныш пен елес»(реж. Ә.Рахимов)– Абзал,
Г.Гауптман «Ымырттағы махаббат»(реж. Р.Андриасян) – Кламрот,
А.Чехов «Апалы-сіңлілі үшеу»(реж. А.Кәкішева, Р.Андриасян) – Вершинин,
М.Әуезов «Қилы заман»(реж. Ә.Рахимов)– Әубәкір,
А. Чехов «Сүйікті менің ағатайым» (реж. А.Маемиров) – Астров, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Қорғансыздың күні» (реж.Р.Альпиев, 2004), «Махамбет» (реж.С.Тәуекел, 2004), «Мұстафа Шоқай» (2005), «Застава» (реж.Қ.Ахметов, 2005), «Ағайындылар» (реж.А.Сатаев, 2007), «Возвращение в «А» (реж. Е.Кончаловский, 2008), «Ликвидатор» (реж.А.Сатаев), «Жаужүрек мың бала» (реж.А.Сатаев), «Тракторшының махаббаты» (реж.А.Ұзақбаев), «Адель» (реж.А.Бисембин), «Голос степи» (Е.Шинарбаев), «Книга» (реж.Е.Жұмағұлов), «Замуж в 30» (реж.А.Бисембин), «Аманат» (реж.С.Нарымбетов), «Дорога к матери», «Так сложились звезды», «Композитор», және т.б.