БІРЖАННЫҢ СОҢҒЫ ӘНІ
/драма - диалог/

Авторы: Қазақстанның мемлекеттік
сыйлығының иегері А. Сүлейменов
Ұзақтығы: 2 сағат
Жас санаты: 7+
Премьерасы: 2017 жыл, 29 қараша

Сахналық нұсқа: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ә. Бөпежанова
Қоюшы режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ә. Рахимов
Режиссердың ассистенті: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Б. Тұрыс
Қоюшы суретшісі: М. Сапаров
Композиторы: Б. Дәлденбаев
Балетмейстер: Г. Мұхамеджанова
Режиссердің көмекшісі: Б.Әбдіков

«Біржанның соңғы әні» – көрнекті жазушы-драматург, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің прозалық циклы бойынша қойылған драма-диалог.
Спектакльдің бас кейіпкері – қазақтың атақты әнші-композиторы Біржан сал Қожағұлұлы. Өмірбаяндық емес, өнербаяндық көркем қойылым оқиғалары бір күн ішінде, өң мен түс арасында өтеді. Өмірінің соңында дерт меңдеген Біржан сал. Өмір-өнер елестері. Абаймен, Ақанмен кездесулер, рух түлетер қауышулар, кетісулер... «...Өтерінде, кетерінде шыр айналған...» пәни дүниедегі өксік-өкініштер... Өнер адамының ұстанымы жайындағы көзқарастар қақтығыстары... Құмсағаты түгесіле бастап, жаны мұрнының ұшына келген Біржан сал ән-зар шығарады. Әнмен мінәжат етеді.
Ол ән-зар һәм мінәжат – «Теміртас». Қазақта теңдесі жоқ музыкалық жоқтау. Реквием...
РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Біржан
Бекжан Тұрыс
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Абай
Жалғас Толғанбай
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жасұлан Байсалбеков
«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері
Паң Нұрмағамбет
Болат Әбділманов
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ақан
Асан Мәжит
Батыраш
Бауыржан Қаптағай
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жанат Тыныбаев
Жанбота
Саят Мерекеұлы
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Омар Қыйқымов
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Тәшмат (өзбек)