Дәуір Нұрланұлы Анарбай
1995 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келді.
2012 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «музыкалық театр және кино артисі» мамандығы бойынша білім алды.
2015 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
А.Володин «Қоштасқым келмейді» (реж. А.Маемиров) – Миронов,
І.Есенберлин «Алмас қылыш» (реж. А.Кәкішева) – Мұхамед-Шайбани,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е.Обаев) – Бала,
М.Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А.Кәкішева)–Махмуд (түрік бала),
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж.Е.Нұрсұлтан) – Сансызбай,
Р.Куни «Мани-мани»(реж. Е.Нұртазин)– Билл
Т.Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа бір той» комедиясында (реж. Ә.Рахимов)–Жарбол, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Зеркала», «Трудный год», «Елдің баласы», «Қызық екен» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда рөлдер сомдады.