Ғалымбек Алпамысханұлы Оспанов
1991 жылы Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Бозкөл ауылында дүниеге келген.
2009-2013 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Театр өнері» факультетін «Музыкалық драма театрының актері» мамандығы бойынша оқып, үздік дипломға бітірді.
2013 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
Ғ.Есім «Таңсұлу» (реж. А.Кәкішева) – Қалмақ бегі,
У.Шекспир «Ромео – Джульетта» (реж. О.Салимов) – Тибальт,
У.Шекспир «Отелло» (реж. Н.Птушкина) – сенат қызметкері,
Д.Эннери мен Ф.Дюмануар «Дон Сезар де Базан» (ауд. жәнереж. Ә.Рахимов) – Дон Сезар де Базан,
И.Вовнянко «Қаза мен жаза» (реж. А.Әшімов, С.Асқаров)– Адвокат,
А.Володин «Қоштасқым келмейді» (реж. А.Маемиров) – Шумилов,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А.Кәкішева) – Жайық (Ақеділдің ағасы),
А. Аламан «Жүрегімнің иесі» (реж. А.Оспанбаева) – Жігіт,
Б.Беделхан «Мұқағалимен сырласу» (реж. А.Оспанбаева) – Мұқағали,
М.Әуезов «Қобыланды» (реж. Н.Жақыпбай) – Қобыланды, т.б.
Кинодағы рөлдері:
«Бекзат» және т.б. фильмдерде рөл сомдады.