Гүлшат Әбсаттарқызы Тұтова
1972 жылдың Оңтүстік Қазақстан облысы,Шардара қаласында дүниеге келген.
1993жылы Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген.
1993 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
А.Сүлейменов «Кек» (реж. Ә.Рахимов) – әйел,
Д.Исабеков «Әпке» (реж. Б.Омаров) – Көрші әйел,
Д.Амантай «Сәлеметсің бе, қоңыр мұң» (реж. Қ.Сүгірбеков)– Әйгерім,
Ә.Ақпанбетұлы «Дүние–думан» (реж. Қ.Сүгірбеков) – Бибіш,
Қ.Ысқақ, Шахимарден «Қазақтар» (реж. Т.әл-Тарази) – Шолпан,
Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» (реж. Б. Атабаев) – Күләй,
Қ.Ысқақ «Жан қимақ» (реж. Б.Атабаев) – Бағдат,
Т.Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Е.Обаев) – Зира,
Ө.Боранбаев «Әңгүдік» (реж. О.Кенебаев)– Зина,
Б.Мұқай «Сергелдең болған серілер» (реж. О.Кенебаев) – Айжан,
Ә.Әмзеұлы «Қара кемпір»(реж. Е.Обаев, Т.Аралбай)– Жеңгей,
Н.Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» (реж. Е.Обаев) – Қарлығаш,
С.Асылбекұлы «Күзгі романс» (реж. Ә.Рахимов) – Назгүл,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А.Кәкішева)– Ағира,
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж.Е.Нұрсұлтан) – Қамқа,
К.Ашир «Қабыл–Адам Ата перзенті» (реж. К.Ашир) – Цеда,
К.Гоцци «Турандот ханшайым» (реж. Т.әл-Тарази) – Адельма,
Б.Брехт «Тоғышардың тойы»(реж. Б.Атабаев) – Әпке,
А. Чехов «Шағала» (реж. Б.Атабаев) – Маша,
Т.Мурод «Ат жылаған түн» (реж. О.Салимов) – Қымбат,
В.Смехов «Әли баба және қырық қарақшы» (реж. Т.Аралбай) – Зейнаб,
Е.Уахитов «Құдалар» (реж. Ә.Рахимов) – Шапағат,
Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматов «Көктөбедегі кездесу» (реж. О. Кенебаев) – Анар,
Ғ.Есімнің «Таңсұлу» драмасында (реж. А. Кәкішева)– Бегім, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Біржан сал», «Сүйінші», «Әкем екеуміз», «Несиеге махаббат», «Жетімдер», «Мәңгі өмір сүргің келсе», «Астанаға көктем кеш келеді», «Үмітіңді үзбе», «Тұрар Рысқұлов», «47 баланың анасы» және т.б. фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.