ҚР Мәдениет және спорт министрінің халықпен есептік кездесуі (видео)

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова баспасөз мәслихатына қатысып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Орталық коммуникациялар алаңында өткен есептік кездесуге ҚР Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Рыспеков Дастан Адайұлы және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Вице-министрі Мұсайбеков Сәкен Жүнісбекұлы қатысты. Журналистер министрліктің атқарған жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы сұрақтар қойып, нақты жауап алды.