4 МАУСЫМ - МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ!

4 маусым - мемлекеттік рәміздер күні!


Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Республикамыздың дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге айқындаушы әрі мемлекетіміздің тарихы мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Сәйкесінше, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, қастерлеу және оны болашақ ұрпаққа насихаттау әр азамат борышы деп білеміз!


Қымбатты отандастар, Сіздерді осынау қасиетті мерекемізбен құттықтаймыз! Өр рухты еліміздің беделі  асқақтай берсін!


Құрметпен, М. Әуезов театры ұжымы!