Лондондықтардың жүрегін жаулаған «Жаужүрек» елге оралды

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры 1-8 қазан аралығында Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында өткен  III Қазақстан өнерінің фестивалінде Д.Исабековтің «Жаужүрек» драмасын сахналады.


Жазушы, драматург Дулат Исабековтің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған фестивальде театр ұжымы қазақтың балуаны, әнші-композитор, сері, халық арасында Балуан Шолақ атанған Нұрмағанбет Баймырзаұлының өмірінен сыр шертетін қойылыммен жиналған қауымның жүрегін жаулады.


Бір ғана жазушының емес, қолына қалам ұстаған күллі қазақтың абыройын асқақтатқан бұл фестиваль, Елбасы айтқан «Рухани жаңғырудың» алпауыт мемлекеттердегі әсем көрінісінің бірі.


ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен бұл іс-шарада Қазақ елінің мерейін үстем еткен «Жаужүрек» бүгін елге оралды.


Бұл театр ұжымының жақсы жаңалықтарының бірі ғана. Алдағы күндері де шығармашылық табыстарымыз бен қуанышты хабарларымызды сіздермен бөлісіп отырамыз, қадірлі көрермен!

Баспасөз қызметі