ҚЫЗ ЖІБЕК

21
Қазан
Сенбі
18:30

Авторы: Ғабит Мүсірепов

Жанр: Музыкалы драма

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Зал: Үлкен зал

Жас санаты: 7

Билет сатып алу
Билетті брондау

Сипаттама:

Қазақтың лиро-эпостық жауһар жыры «Қыз Жібек» махаббат гимні десе болады. Осы эпос негізге алынған бұл туындыға да Қыз Жібек пен Төлегеннің жүрек тербірентер қайғылы махаббаты арқау болған. Оқиғалар негізінен  жағалбайлы руынан шыққан батыр Төлеген, шекті руының сұлуы Жібек және ел арасында ержүректігімен, күш-қайратымен аты шыққан батыр Бекежан арасындағы қарым-қатынастар төңірегінде өрбиді де, ақыры Төлеген қызғаныштың құрбаны болады. Сүйгенінсіз Жібекке де өмір жоқ... Ел бірлігі мен тұтастығы идеясы қатар өріліп, халықтың ой-арманы мен аңсары танылатын, бояуы жарқын  қойылымда   ұлттың өмірі мен тығыз байланысты дәстүрлер де  - бата сөз, қарғыс, жоқтау, зар, көңіл айту, қоштасу және т.б. – жақсы көрініс тапқан.  

Қоюшы-режиссер – Е.Нұрсұлтан, Елбасы қоры сыйлығының лауреаты

Режиссердың ассистенті – Ш.Жанысбекова

Қоюшы-суретші – Е.Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері

Киім суретшісі – Н.Қалиева

Балетмейстер – А.Сыдықова

Сахна сайысы – А.Байлин

Вокал пәнінің ұстазы – Г.Қарамолдаева

Хор пәнінің ұстазы – Г.Берекешев

Режиссердің көмекшісі – С.Гениярова