Әуезов театрына «ұлттық» мәртебесі берілді
Алматыда М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрына 95 жыл толуына орай, өнер ордасына «ұлттық» деген мәртебе берілді.
Театрдың ең алғашқы шығармашылық ұжымы Қызылорда қаласында 1925 жылы қалыптасты.
Ал 1926 жылы М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасымен ашылды. 1928 жылы ел астанасы Алматыға ауысқанда театр ұжымы да көшті. 1937 жылы театр академиялық деген мәртебе алып, 1961 жылы Мұхтар Әуезовтың аты берілген.
Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.