«МАНИ-МАНИ»
/комедия/


Авторы: Р. Куни
Аудармасы: Ө. Мұқай
Ұзақтығы: 1 сағат 40 минут
Жас санаты: 7+
Премьерасы: 2016 жыл, 27 желтоқсан

Қоюшы режиссері: Е. Нұртазин
Қоюшы суретшісі: К. Құрманбекова
Киім үлгісін жасаған: Н. Тоқжанова
Композиторы: Е. Нариманұлы
Режиссердің ассистенті: Е. Бектасов
Режиссердің көмекшісі: А. Қабдешова
Есімі әлемге танымал ағылшын комедиографы Рэй Куни комедиясының бас кейіпкері Генри Перкинс туған күнінде ойламаған жерден мол ақша тауып алады. Дипломаттағы 1 млн 750 мың фунт стерлингті өзінің өмір бойғы есепші болған адал еңбегінің өтеуі деп білген ол шетелге қашпаққа бел буады. Бірақ, өзгелер оны осынша мол ақшамен шетелге оп-оңай жібере салмақ емес. Осылайша оқиғалар қым-қуыт сипат алады, барлық кейіпкерлердің шынайы бет-бейнесі «мани, мани» үшін күресте ашыла бастайды. Әншейінде бәрі жақсы қарапайым адамдарды осындай бір сын сәттерде тану мүлдем қиын. Неліктен?..


РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Генри Перкинс
Асылбек Боранбай
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Джейн Перкинс
Баян Қажынәбиева
Жастар одағы сыйлығының иегері

Ажарлым Бақытжанова
Виктор Джонсон
Жалғас Толғанбай
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ғалымбек Оспанов

Бетти Джонсон
Салтанат Бақаева
«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері

Зарина Карменова
«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері
Дэвенпорт
Жасұлан Байсалбеков
«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері

Жанат Тыныбаев