Қазақстан Жастар одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты (2015)
1985 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылында дүниеге келді.
2003-2007 жж. Қазақ Ұлттық Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясын Актер мамандығы бойынша оқып бітірді.
2007 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері: М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Х. Әмір-Темір) – Матай,
М. Әуезов «
Абай» (реж. Е. Обаев) – Баймағамбет, Пристав,
М. Әуезов «
Қилы заман» (сахналық нұсқасы: Н. Оразалин, реж. Ә. Рахимов) – Жәбірбаев Оспан,
С. Мұқанов «
Мөлдір махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Мүсәпір,
Д. Исабеков «Мұрагерлер» (реж. О. Кенебаев) – Бейтаныс жігіт,
Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматов «Көктөбедегі кездесу» (реж. О. Кенебаев) – Жұмысшы,
Т. Мәмесейіт «Бәкей қыз» (реж. Ә. Рахимов) – Ақын,
Ә. Рахимов «Қылмыскерге куәлк» (реж. Ә. Рахимов) – Масақ,
Т. Нұрмағанбетов «
Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә. Рахимов) – Марат,
М. Сәрсеке «
Тендерге түскен келіншек» (реж. О. Кенебаев) – Сергей,
Қ. Ысқақ, Шахимарден «
Қазақтар» (реж. Т. әл-Тарази) – III рубасы,
С. Асылбекұлы «
Империядағы кеш» (реж. А. Кәкішева) – Берікбол,
Ә. Рахимов «
Шәкәрім» (реж. Ә. Рахимов) – Әупіш,
Қ. Мұрат «
Бақыт кілті» (реж. Е. Обаев) – Жынды,
М. Омарова «
Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева) – Әскери,
М. Кәрім «Күнәһар» (реж. О. Кенебаев) – Рысқұл би,
У. Шекспирдің «
Ромео мен Джульеттасында» (реж. О. Салимов) – Дәрмекші.
Кинодағы рөлдері: «Трубадур» (реж. Э. Гельман), «Нереальная любовь» (реж. Ә. Қарақұлов), «Байқоңыр» (реж. Ф. Хельмер) және т.б. фильмдерде рөлдер сомдады.