Нұржан Байғожақызы Бексұлтанова
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1995).
1974 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шелек ауылында дүниеге келген.
1991-1995 жж. Қазақ Мемлекеттік Т. Жүргенов атындағы Театр және кино институтының актерлік факультетін бітірді.
1997 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
С. Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр» (реж. Ә. Рахимов) – Жұлдыз,
Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә. Рахимов) – Шүйкетай,
Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» (реж. Б. Атабаев) – Ләйлә,
Д. Исабеков «Әпке» (реж. Б. Омаров) – Сұлухан,
Д. Исабеков «Жаужүрек» (реж. Е. Обаев) – Марфа,
С. Асылбекұлы «Империядағы кеш» (реж. А. Кәкішева) – Ұлжалғас Көпбаевна,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева) – Ауылбасының әйелі,
У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» (ауд. Ә. Кекілбаев, реж. О. Салимов) – Джульетта,
Н. Гоголь «Пара» («Ревизор», реж. Е. Обаев) – Мария Антоновна,
Н. Гоголь «Үйлену» (ауд. О. Қыйқымов, реж. В. Захаров) – Дуняша,
А. Чехов «Шағала» (ауд. А. Тоқпанов, реж. Б. Атабаев) – Нина Заречная,
Ф. Кафка «Құбылыса» (ауд. Е. Аманшаев, реж. Қ. Сүгірбеков) – Гретта,
С. Покровский «Желіккен жастара» (реж. С.Асылханов) – Эльмира,
Е. Уахитов «Құдалар» (реж. Ә. Рахимов) – Зухра,
Т. Жүженоғлы «Көшкін» (реж. А. Кәкішева) – әйел,
А. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Маша.

Кинодағы рөлдері: «Тайталас», «Қара жорға», «Дүрдәраз ғашықтар» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.