Рашида Ғалиақбарқызы Хаджиева
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1987), Қазақстан Жоғарғы Президиумының Құрмет грамотасы (1973), «Құрмет» орденінің иегері (2012).
1948 жылы Ақмола (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында дүниеге келді.
1968-1972 жж. Мәскеудің Щепкин атындағы жоғары театр оқу орнын қазақ тобы құрамында, қызыл дипломмен бітіріп шықты.
1997 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды..

Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Б. Атабаев) – Текті,
М. Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) – Зейнеп,
М. Әуезов «Айман-Шолпан» (реж. Ж. Есенбеков) – Шолпан,
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (реж. Ж. Хаджиев) – Мақпал,
М. Әуезов «Абай» романы желісімен жазылған «Ерте ояндым, ойландым» (реж. Ж. Хаджиев) драмасында – Қаныкей,
Т. Әбдіков «Біз үшеу едік» (реж. Ж. Хаджиев) – Дариға,
Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» (реж. Қ. Жетпісбаев) – Ақбала,
Т. Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Е. Обаев) – Назгүл,
Д. Исабеков «Әпкее» (реж. Б. Омаров) – Қамажай,
С. Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр» (реж. Ә. Рахимов) – Фарида,
М. Мақатаев «Қош, махаббат» (реж. Б. Атабаев) – Сәлима,
Ә. Әмзеев «Қара кемпір» (реж. Е. Обаев) – Қара кемпір,
С. Торайғыров «Қамар сұлу» (реж. Ә. Рахимов) – Ана,
Е. Жуасбек «Күлеміз бе, жылаймыз ба?!..» (реж. М. Ахманов) – Сары апа,
М. Кәрім «Ай тұтылған түнінде» (реж. М. Гладков) – Шафақ,
М. Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы» (реж. О. Кенебаев) – Елена Сергеевна,
У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. О. Салимов) – леди Капулетти,
Б. Жәкиев «Жүрейік жүрек ауыртпай» (реж. Е. Обаев) – Бәйбіше,
Т. Жүженоғлы «Көшкін» (реж. А. Кәкішева) – Әйел,
Ф. Буляков «Отыз ұлың болғанша» комедиясында (реж. Ә. Рахимов) – Ақлима, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Ағайындылар», «Айналайын» және т.б. фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.