Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің, «Астана» медалінің, «Парасат» орденінің иегері
1950 жылы Семей қаласында дүниеге келді.
1966 жылы Семей облыстық музыкалық драма театры жанындағы студияны бітірген.
1992-1995 жж. Т.Аралбай театр сахнасында еңбектене жүріп Т. Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясын «Драма және кино режиссері» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1976 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Айман – Шолпан» (реж. Ә. Мәмбетов, Е. Обаев) – Маман,
М. Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) – Долгов,
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (Х. Әмір-Темір) – Абыз,
М. Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә. Рахимов) – Жәмеңке,
Т. Ахтанов «Ант» (реж. Ә. Мәмбетов) – Барақ сұлтан,
Ғ. Мүсірепов «Амангелді» (реж. А. Әшімов) – Амангелді,
Ә. Кекілбаев «Абылай хан» (реж. Б. Атабаев) – Бұхар жырау,
Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?..» (реж. А. Әшімов)– Абай,
«Естайдың Қорланы» (реж. Б. Атабаев) – Естай,
«Шыңғысханның соңғы мұхит» (автор және реж. Н. Абдықадыров) – Шыңғысхан,
С. Балғабаев «Сағыныш пен Елес» – Хайретдин,
С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Жақыпбек,
Н. Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» (реж. Е. Обаев) – Мейірбек,
Т. Әбдіков «Ұлы мен ұры» – Жарқынбек (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан),
Д. Кобурн «Жынойнағында» (реж. А. Кәкішева) – Веллер Мартин,
А.Чехов «Апалы-сіңлілі үшеу» реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Чебутыкин,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е. Обаев) – Қанат,
И. Саввин, Ж. Тәшенов «Көшеде жүрген пақырды, әкім бол деп шақырды» (реж. Ә. Мәмбетов) – Нұртаза,
С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» (ауд. А. Сүлейменов, реж. Р. Сейтметов) – Тілші жігіт,
Софокл «Эдип патша» (ауд. Х. Ерғалиев, реж. Ә. Мәмбетов) – Эдип,
У.Шекспир «Юлий Цезарь» (ауд. Ә. Кекілбаев, реж. Қ. Жетпісбаев) – Октавий,
У.Шекспир «Кориолан» (ауд. Ә. Кекілбаев, реж. Ә. Мәмбетов) – Кориолан,
У.Шекспир «Гамлет» (ауд. Х. Ерғалиев, реж. Ю. Ханинга-Бекназар) – Клавдий,
Г.Гауптман «Ымырттағы махаббат» (ауд. Қ. Ысқақ, реж. Р. Андриасян) – Хайгер,
К. Ашир «Қабыл – Адам ата перзенті» (реж. К. Ашир) – Ібіліс ,
У. Гаджибеков «Аршын мал алан» (ауд. Қ. Мұхамеджанов, реж. Т. Әл-Тарази) – Сұлтанбек,
М. Кәрім «Күнәһар» (ауд. Ә. Кекілбаев, реж. О. Кенебай) – Дәруіш,
Ж.Мольер «Жендеттер» (ауд. А. Сүлейменов, реж. В. Мажурин) – Муаррон.

Режиссерлық жұмыстары:
«Үкілі Ыбырай» (Т. Қажыбай) спектаклі,
«Әли баба және қырық қарақшы» (В. Смехов, ауд. Ә. Бөпежанова, Т. Омарбеков) екі бөлімді мюзиклы,
Е. Обаевпен шығармашылық бірлестікте қойған «Сыған серенадасы» (И. Сапарбай) мюзиклы,
«Қара кемпір» (Ә. Әмзеев), «Үміт үзгім келмейді»,
«Қыз мұңы» (И. Сапарбай) драмалары.

Кинодағы рөлдері:
«Аждаһа жылы», «Шоқан Уәлиханов», «Азиат», «Қызжылаған», «Шегіртке», «Көшпенділер», «Рекэтир», «Періште», «Мұстафа Шоқай», «Астана – любовь моя», «Жаужүрек мың бала», «Жоюшы», «Ликвидатор» және т.б. фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.