Торғын Жылқышықызы Тасыбекова
Қазақстанның Халық артисі (1991), «Құрмет» орденінің иегері (2011), «Парасат» орденінің иегері (2016)
1938 жылы Алматы облысы Іле ауданы Ынтымақ ауылында дүниеге келді.
1957-1961 жж. Құрманғазы атындағы консерваторияның актерлік бөлімін үздік бітіріп шықты.
1961 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Абай» (реж. Ә. Мәмбетов) – Мағыш,
Лопе де Вега «Сенек қорыған ит» (реж. Ә. Мәмбетов) – Марселла,
Ә. Тәжібаев «Той боларда» (реж. Ә. Мәмбетов) – Айбала,
М. Әуезов «Түнгі сарын» (реж. С. Елеусізов) – Маржан,
М. Әуезов «Қобыланды» (реж. Ә. Мәмбетов) – Құртқа,
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. А.Л. Мадиевский) – Ақбала,
С. Мұқанов «Шоқан Уәлиханов» (реж. М.И. Гольдблат) – Катерина,
А. Пушкин «Шағын трагедиялары» (реж. А.Л. Мадиевский) – Лаура,
М. Фриш «Дон Жуаннның думаны» (реж. Ә. Мәмбетов) – Донна Анна,
Ш. Айтматов «Ана – Жер-ана» (реж. Ә. Мәмбетов) – Әлиман,
Ш. Айтматов «Ақ кеме» (реж. Ә. Мәмбетов) – Бекей,
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (реж. Ә. Мәмбетов) – Баян,
М. Каору «Шығыстағы бір бейбақ» (реж. В. ) – Фумыко,
Ә. Тәжібаев «Майра» (реж. Б. Омаров) – Айбарша,
С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» (реж. Р. Сейтметов) – Луфти,
М. Булгаков «Жендеттер» (реж. В. Мажурин) – Риваль,
Н. Гоголь «Ревизор» (реж. Е. Обаев) – Мария Антоновна,
Ф. Эрве «Түлкі бикеш» (реж. Ә. Мәмбетов) – Корина,
Т. Ахтанов «Жоғалған дос» (реж. Ә. Мәмбетов) – Ғайни,
Б. Римова «Абай – Әйгерім» (реж. Б. Атабаев) – Әйгерім,
Е. Домбаев «Желіккен жеңгейлер» (реж. Ә. Мәмбетов) – Аймекен,
Д. Исабеков «Ескі үйдегі екі кездесу» (Ә. Рахимов) – Зейнеп,
Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» (реж. Б. Атабаев) – Қатира,
Иран-Ғайып «Естайдың Қорланы» (реж. Б. Атабаев) – Қорлан,
Шахимарден «Томирис» (реж. Т.Әл-Тарази) – Елес,
Қ. Ысқақ пен Шахимарден «Қазақтар» (реж. Т. әл-Тарази) – Ана,
Б. Жәкиев «Жүрейік жүрек ауыртпай…» (реж. Е. Обаев) – Күлегеш әйел,
А. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» (реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Анфиса, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Ән қанатында», «Оазис любви», «Карой», «Ее домбры был верен звук», «Сотқар балалар», «Көгілдір аялдама» және т.б. фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.