Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017)
1970 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Жарлысу ауылында дүниеге келді.
1988 жылы Тараз қаласындағы Мәдениет-ағарту училищесін мәдениет қызметкері және оркестр дирижері мамандығы бойынша бітірді.
1993-1997 жж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын театр-кино актері мамандығы бойынша оқып бітірген.
1997 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Абай» – Көкбай (реж. Ә. Мәмбетов), Әзімхан (реж. Е. Обаев),
М. Әуезов «Айман – Шолпан» (реж. Е. Обаев) – Балпық,
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» – Көбей (реж. Ж. Хаджиев), Еспембет (реж. Х. Әмір-Темір),
М. Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә. Рахимов) – Рахымбай,
Ғ. Мүсірепов «Махаббат дастаны» («Қозы Көрпеш – Баян сұлу», реж. Қ. Сүгірбеков) – Айдар,
С. Торайғыров «Қамар сұлу» (реж. Ә. Рахимов) – Молда,
А. Сүлейменов «Кек» (реж. Ә. Рахимов) – бекзада Сарын,
Ә. Кекілбаев «Абылай хан» (реж. Б. Атабаев) – Шарыш,
Д. Исабеков «Әпке» (реж. Б. Омаров) – Омар,
И. Сапарбай «Абай – Тоғжан» (реж. Н.Тұтов) – Абай,
Шахимарден мен Қ. Ысқақ «Қазақтар» (реж.Т. әл-Тарази) – Дуана сарбаз
Н. Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай) – Дәулетбек, Асылхан,
И. Сапарбай «Сыған серенадасы» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) – Алеко,
Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» (реж. Б. Атабаев) – Болтай,
Ө. Боранбаев «Әңгүдік» (реж. О. Кенебаев) – Шәукен,
Е. Жуасбек «Күлеміз бе, жылаймыз ба?..» (реж. М. Ахманов) – Макс,
Т. Мәмесейітов «Бәкей қыз» (реж. Ә. Рахимов) – Қыдырәлі,
Д. Исабеков «Жаужүрек» (реж. Е. Обаев) – Ақылбай,
Ә. Рахимов «Шәкәрім» (реж. Ә. Рахимов) – Матақов,
Ш. Мұртаза «Ай мен Айша» (реж. Т. әл-Тарази) – Орақ,
І. Есенберлин «Алмас қылышы» (реж. А. Кәкішева) – Асан қайғы,
Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Сырлыбай,
А. Сүлейменов «Адасқак» (реж. Ә. Рахимов) – Абай,
У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. О. Салимов) – граф Парис,
К. Гоцци «Турандот ханшайым» (реж. Т. әл-Тарази) – Тарталья,
Н. Гоголь «Ревизор» («Пара», реж. Е. Обаев) – Осип,
Н. Гоголь «Үйлену» (реж. В. Захаров) – Степан,
Г. Горин «Атың шықпаса» (реж. Ә. Оразбеков) – Тиссоферн,
Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р. Андриасян) – Штейниц, Обербургомистер,
Ф. Буляков «Отыз ұлың болғанша» (реж. Ә. Рахимов) – Бастық,
Р. Белецкий «Желіккен жастар» (С.Асылханов) – Еркебұлан,
У. Гаджибеков «Аршын мал алан» (реж. Т. әл-Тарази) – Велли,
Е. Уахитов «Құдалар» (реж. Ә. Рахимов) – Әбдісалам,
А. Чехов «Апалы-сіңлілі үшеу» (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Соленый,
А.Володиннің «Қоштасқым келмейді» драмасында (реж. А. Маемиров) – Никулин, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Ағайындылар», «Жайлаудағы оқиға», «Махаббат жағалауы», «Алтын алқа», «Ақсұңқар», «Мент», «Таң қалдырған хикая-1», «Таң қалдырған хикая-2» және т.б. фиьмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.