Жоламан Әміров
«Құрмет» орденінің иегері (2014), ҚР Президентінің «Құрмет» грамотасы (2004), Ж.Жабаев атындағы халықаралық конкурстың жеңімпазы, «Муза жұлдызы» медалі (2019), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі, «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағының иегері
1957 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданының Көлсай ауылында дүниеге келді.
1978-1980 жж. Республикалық цирк және өнер студиясының домбыра факультетін бітіріп шықты.
1984-1986 жж. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
Н. Әбутәлиев «Өттің, дүние…» (реж. Ә. Рахимов) – Махамбет,
Ш. Құсайынов «Алдар Көсесінде» (реж. Ә. Мәмбетов) – Алдар Көсе,
М. Әуезов «Қобыланды» –Аққозы,
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Ә. Мәмбетов) – Дулат және Жарылғап,
Е. Домбаев «Желіккен жеңгейлер» – Төлеген,
Ә. Кекілбаев «Абылай хан» (реж. Б. Атабаев) – Тойсары,
Д. Исабеков «Әпке» (реж. Б. Омаров) – Қабен және Сұлтан,
М. Әуезов «Айман-Шолпан» (реж. Е. Обаев) – Жантық,
С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Мауытбаев,
И. Сапарбаев «Сыған серенадасы» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) – Барон,
Қ. Ысқақ пен Шахимарден «Қазақтар» (реж. Т. әл-Тарази) – Орта жүз биі,
Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір тойа» (реж. Ә. Рахимов) – Нарбол,
Шахимарден «Томирис» (реж. Т. әл-Тарази) – Морт,
Б. Мұқай «Өмірзая» – Наполеон,
С. Торайғыров «Қамар сұлу» (реж. Ә. Рахимов) – Бақсы,
М. Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) – Нарымбет,
М. Әуезов «Қилы заман» (сахналық нұсқасы: Н. Оразалин, реж. Ә. Рахимов) – Түнқатар,
И. Сапарбай «Қыз мұңы» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) – Генерал,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е. Обаев) – Жынды,
А. Сүлейменов «Адасқақ» (реж. Ә. Рахимов) – Паң Нұрмағанбет,
У. Шекспир «Асауға тұсау» (реж. Ә. Мәмбетов) – Гремио,
Мольер «Ақымақ болған басым-ай» (реж. Ә. Рахимов) – Сотанвиль,
Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р. Андриасян) – Пастер,
Н. Хикмет «Фархад – Шырын» (реж. А. Әшімов) – Жұлдызшы,
Е. Уахитов «Құдалар» (реж. Ә. Рахимов) – Момын,
Т. Мурод «Ат жылаған түн» (реж. О. Салимов) – Жырау,
А. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу» драмасында (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Ферапонт.

Кинодағы рөлдері: «Ағайындылар», «Замуж в 30», «Айжан», «Дода», «Зор», «Бапкер», «Бастық болғым келеді», «Жамбыл», «Путь Лидера», «Балуан Шолақ», «Аяулы арман», «Скорая помощь», «Қаржы полициясы», «Тұрар Рысқұлов», «Жалғыз жауқазын», «Көкжалдар», «Қарлығаш ұя салғанда», «Өмір-өзен», «Бақытсыздар бағы», «Қанатсыз құстар», «В плену звезды», «Қыз қиялы» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.